«Фьорд» () — 2026 жылы жарық көрген драмалық фильм. Туындының режиссері әрі сценарийшісі — Кристиан Мунджиу. Басты рөлдерді Себастьян Стэн мен Ренате Реинсве сомдады. Сюжет желісі бойынша, олар әйелінің туып-өскен жері — Норвегияның шалғайдағы озық көзқарасты қалашығына көшіп барып, қоғамның қатаң сынына тап болған консервативті румын-норвег жұбының рөлін ойнайды.
Фильмнің тұсаукесері 2026 жылғы 18 мамырда 79-шы Канн халықаралық кинофестивалі негізгі конкурстық бағдарламасында өтіп, «Алтын пальма бұтағын», Франсуа Шале сыйлығын, ФИПРЕССИ жүлдесін және Экуменикалық қазылар алқасының марапатын жеңіп алды. Туынды киносыншылардың жоғары бағасына ие болды, әсіресе оның сценарийі мен актерлік ойыны ерекше атап өтілді.
Сюжеті Фильм шынайы оқиғаларға негізделген. Норвегияда өтетін бұл оқиға сырттай ашық әрі толерантты көрінгенімен, өз ережесімен жүрмейтін жандарды аяусыз шеттететін қоғамның ішкі қайшылығын көрсетеді.
Румын әке мен норвег анадан құралған Георгиу отбасы анасының туған жері — Норвегияның шалғайдағы бір ауылына көшіп келіп, көрші тұратын Хальберг отбасымен достасады. Алайда, Георгиулардың бала тәрбиесіне қатысты іс-әрекетінен күдік туған сәтте, олардың жайлы өмірі мүлдем өзгереді. Осылайша, ерлі-зайыптылар бүкіл ауылдың қатаң сыны мен қысымына тап болады.
Рөлдерде
Өндірісі Фильм — Румыния, Норвегия, Швеция, Дания, Финляндия және Франция елдерінің бірлескен өнімі. Кристиан Мунджиу мен Тудор Реу туындыны румыниялық «Mobra Films» компаниясымен бірге, сондай-ақ «Why Not Productions», «Eye Eye Pictures», «Snowglobe Film», «Aamu Film Company» және «Filmgate Films» студияларының қатысуымен шығарды.
Түсірілім жұмыстары 2025 жылдың наурыз айында Норвегияның Олесунн қаласында басталды. Мариус Винье Брустад қоюшы суретші, ал Тудор Владимир Пандуру оператор болып жұмыс істеді. Фильмнің монтажын Мирча Олтяну жасады.
Сыншылардың пікірі
Сын-пікірлер жинайтын «Rotten Tomatoes» веб-сайтында фильм 36 киносыншының 89% оң бағасын алып, 10-нан 7.3 орташа рейтингіне ие болды. Ал өлшемді орташа бағалау жүйесін қолданатын «Metacritic» сайты 18 сыншының пікірі негізінде фильмге 100-ден 82 ұпай берді, бұл туындының «жаппай мойындалғанын» білдіреді.
«Variety» басылымынан Гай Лодж: «Фьорд — әлемдегі қозғалыстың, түсініспеушілік пен қақтығыстардың тоқтаусыз өсіп жатқан мүмкіндіктерін дөп басып көрсетеді», — деп жазды.
«Screen Daily» журналынан Ли Маршалл фильмді «бір-біріне қайшы құндылықтар туралы ой саларлық драма, бірақ соңына қарай сәл жансыз әрі әлсіз көрінеді» деп бағалады.
«The Guardian» басылымының сыншысы Питер Брэдшоу фильмге 5-тен 2 жұлдыз беріп, оны «күткен үмітті ақтамаған, әлсіз туынды» деп атады.
«Deadline Hollywood» басылымынан Пит Хэммонд «Фьордты» жоғары бағалап: «Бұл — оңай жауаптар ұсынбай-ақ, өз қуатын көрсете білген өте ақылды әрі тартымды фильм», — деп жазды.
Марапаттары мен номинациялары Марапат Санат Номинант Нәтиже Канн кинофестивалі«Алтын пальма бұтағы»Кристиан МунджиуФрансуа Шале сыйлығыФИПРЕССИ сыйлығыЭкуменикалық қазылар алқасының сыйлығыАзаматтық сыйлық (Prix de la Citoyenneté)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Кристиан Мунджиу фильмдері Санат:Румын тіліндегі фильмдер Санат:Норвег тіліндегі фильмдер Санат:Алтын пальма бұтағы сыйлығының иегерлері (фильмдер) Санат:Румыния драма-фильмдері