Новопокровка — Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл, Новопокров ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Бородулиха ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 33 км жерде, құрғақ дала белдемінде орналасқан.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2721 2233 82,1 1344 1090 81,1 1377 1143 83

Тарихы Іргесі 1908 жылы қаланған. 1980 жылға дейін Новопокровкада Семей қаласының тұрмыстық химиялық комбинатының бөлімшесі, гидрогеологиялық экспедиция, нан зауыты, т.б. мекемелер мен кәсіпорындар жұмыс істеген. 1981 жылы оған қосымша мұнда бұзау өсіруге бағытталған совхоз-техникум кеңшары құрылды. Бұл шаруашылықтар негізінде 1996 жылдан Новопокровкада АҚ, ӨК және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл арқылы Семей – Рубцовск (Ресей) автомобиль магистралі өтеді.

Дереккөздер

Санат:Бородулиха ауданы елді мекендері