Ольга Олеговна Андриевская (1969 жылғы 28 қазан, Қашыр ауылы, Қашыр ауданы, Павлодар облысы) — қазақстандық педагог, қоғам қайраткері, Астана қаласындағы «Злата» болгар этномәдени орталығының төрайымы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі. Болгар этномәдениетін дамытуға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және Қазақстандағы этносаралық келісімді нығайтуға үлес қосқан.
Өмірбаяны Ольга Олеговна Андриевская 1969 жылғы 28 қазанда Павлодар облысының Қашыр ауданындағы Қашыр ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Павлодар педагогикалық институтын (қазіргі Павлодар педагогикалық университеті) тәмамдады.
1991–2000 жылдары Ертіс өңіріндегі білім беру мекемелерінде педагог болып еңбек етті. 2000 жылдан бастап Астана қаласындағы №6 гимназияда мұғалім қызметін атқарды. Сонымен қатар түрік тілін оқыту курстарынан өтіп, кәсіби біліктілігін арттырды.
Қоғамдық қызметі 2011 жылы Астана қаласында «Злата» болгар этномәдени орталығын құрып, оның төрайымы болды.
Орталық болгар халқының мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттауға, ұлттық тілді сақтауға, шығармашылық ұжымдардың қызметін дамытуға бағытталған. Ольга Андриевскаяның жетекшілігімен орталықтың шығармашылық ұжымдары республикалық және халықаралық концерттерге, фестивальдерге, көрмелерге, қайырымдылық акцияларына және Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларына тұрақты қатысып келеді.
Орталық жанынан құрылған «Цветанка» би ансамблі мен «Злата» вокалдық тобы Қазақстандағы болгар мәдениетін кеңінен насихаттап келеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде этносаралық келісімді, қоғамдық бірлік пен мәдени әртүрлілікті нығайтуға бағытталған жобалар мен бастамаларға белсенді қатысады.
Марапаттары Қоғамдық және мәдени қызметі үшін бірнеше ведомстволық және қоғамдық марапаттармен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:Педагогтар Санат:Қазақстан педагогтары