Урсула Гертруда фон дер Ляйен (; туған кездегі тегі — Альбрехт (), 8 қазан 1958, Брюссель) — неміс және еуропалық саясаткер. 2019 жылдан бастап Еуропалық комиссияның төрағасы.

Урсула фон дер Ляйен Германияның қорғаныс министрі (2013-2019), Бундестагтың депутаты (2009-2019), Енбеқ және әлеуметтік сұрақтар министрі (2009-2013), Отбасы істері министрі (2005-2009) қызметін атқарды. 2022, 2023, 2024 және 2025 жылдары Forbes журналы оны әлемдегі ең ықпалды әйел деп атады.

Өмірбаяны 1958 жылы 8 қазанда Брюссель қаласында туған. Әкесі – Эрнст Альбрехт (1930-2014) Төменгі Саксонияның Премьер-министрі (1976-1990) және Бундесратның төраға (1985-1986) қызметін атқарған. Шешесі – Адель Альбрехт.

Урсула фон дер Ляйен 1977 жылы Гёттинген университетті бітірген. 1978 жылы Лондон университеттінің экономика және саясаттану мектебінде білім алды. Кейін Ганновер жоғары медициналық мектебінде медицина мамандығын оқып, оны 1987 жылы тәмамдады.

Еңбек жолын 1988 жылы Ганновер университеттінің клиникасының гинекология бөлімінде дәрігер-ассистент қызметіннен бастаған. 1998 жылы Ганновер жоғары медициналық мектебінде эпидемиология, әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау жүйесін зерттеу кафедрасының оқытушысы. 2001 жылы Ганновер медицина мектебінің шешімен медицина магистрі дәрежесі берілген.

1990 жылы Христиан-демократиялық одаққа мүше болды. 2003 жылы Төменгі Саксония жерінің парламентіне сайланды; 2003–2005 жылдары Кристиан Вульфтің кабинетінде Төменгі Саксония жерінің әлеуметтік мәселелер, әйелдер, отбасы және денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. 2005 жылы Ангела Меркель үкіметінде отбасы істері жөніндегі министр болып тағайындалды.

2009–2013 жылдары — Германияның Еңбек және қоғамдық істер министрі.

2013 жылғы желтоқсанда Урсула фон дер Ляйен Ангела Меркельдің үкіметінде Германияның алғашқы әйел Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

2019 жылғы 1 желтоқсаннан бастап — Еуропалық комиссияның төрағасы.

2024 жылғы 27 маусымда Еуропалық кеңес Урсула фон дер Ляйенді Еуропалық комиссияның төраға қызметіне екінші мерзімге ұсынды. 2024 жылғы 18 шілдеде Еуропарламент депутаттары жасырын дауыс беру арқылы оны тағы бес жылға осы қызметке қайта сайлады.

2025 жылғы шілдеде фон дер Ляйен сыбайлас жемқорлық дауына байланысты қызметінен кетудің аз-ақ алдында қалды, алайда оған қатысты сенімсіздік вотумы Еуропарламент қабылдаған жоқ.

Саяси қөзғарыс Сыртқы саясат 2016 жылы Урсула фон дер Ляйен Сауд Арабиясына ресмі сапар кезінде хиджаб киюден бас тартып, дау туғызды. Ол: «Әйелдерді хиджабты киюге мәжбүрлейтіні мені ашуландырады», — деді.

Украина 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен Украина Еуропалық одақтың мүшесі болуы тиіс екенін, украин халқы еуропалық отбасына жататынын және соғыстың аяқталуы қажет екенін мәлімдеді. 2022 жылғы 8 сәуірде Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде фон дер Ляйен Владимир Зеленскийге қолдау көрсету мақсатында Киевке барды.

Бір жынысты некелер 2013 жылы Германияның Конституциялық соты бір жынысты жұптардың тең құқықтарын қолдап шешім шығарған кезде, фон дер Ляйен бала асырап алу мәселесінде тең құқықтарды қолдайтынын білдіріп, былай деп мәлімдеді: «Бір жынысты серіктестіктерде өсіп жатқан балалардың гетеросексуалды некеде немесе серіктестікте өсіп жатқан балалардан өзгеше дамитынын дәлелдейтін бірде-бір зерттеу маған белгілі емес».

Жаңа халықаралық тәртіп 2026 жылғы наурызда фон дер Ляйен дәстүрлі «ережелерге негізделген» халықаралық тәртіптің аяқталғанын мәлімдеп, жаһандық тұрақсыздықтың күшеюіне жауап ретінде Еуропалық Одақтың мүдделерге көбірек бағдарланған және реалистік сыртқы саясатын жақтады.

Канада 2026 жылғы қыркүйекте Канада премьер-министрі Марк Карни Канаданың Еуропалық одаққа толық мүше болғысы келмейтінін, оның орнына Еуропалық одақпен ерекше әрі тығыз серіктестік орнатуға ниетті екенін мәлімдеді. Ал Урсула фон дер Ляйен Канаданың болашақта Еуропалық Одақтың қауымдастырылған мүшесі болуы мүмкін екенін айтты.

Жеке өмірі Жолдасы – Хайко фон дер Ляйен неміс дәрігері. Отбасында 7 бала бар: Дэвид Эхтер, Софи Шарлотта, Мария Доната, Виктория Урсула, Йоханна Гертруда, Эгмонт Ульрих, Грация Диотима.

Урсула фон дер Ляйен ағылшынша, французша және немісше еркін сөйле алады.

Марапаттары Шетелдік марапаттар

Литва алдындағы еңбегі үшін ордені (2017) Литва Ұлы кінәзі Гедиминас орденінің кресты (2025)

Мали ұлттық ордені (2026)

Кінәз Дана Ярослав ордені (2022) Еуропа ордені (2026)

Дереккөздер

Санат:XXI ғасыр саясаткерлері Санат:Қазіргі мемлекет басшылары Санат:Әйел Санат:Германия саясаткерлері Санат:Әйел саясаткер