Азат Талғатұлы Сембинов (4 қараша 1988, Өскемен, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық саяси қайраткер.
Өмірбаяны 1988 жылы 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық заң университетін — іскерлік әкімшіліктендіру магистрі дәрежесімен, Алматы менеджмент университетін — іскерлік әкімшіліктендіру докторы дәрежесімен бітірген.
2010–2013 жылдары — жеке ұйымдарда заң кеңесшісі, заңгер («KazBusinessДемеу» МҚҰ» ЖШС, «Триумф» адвокаттық кеңсесі, «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның Өскемен филиалы, «ДАМУ» консалтингтік фирмасы» ЖШС) лауазымында еңбек етті.
2013 жылдың наурызынан бастап — «Алтын Шатыр» жеке кәсіпкерлігінің басшысы болды.
2013 жылдың шілдесінен — 2016 жылдың маусымына дейін — «Қазпостсервис» ЖШС қаржы директоры болып жұмыс істеді.
2019 жылы «Бизнес» санаты бойынша «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпаздары тізіміне енді.
2021 жылдың 15 қаңтарынан 1 қыркүйекке дейін — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымы депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының тізімі бойынша сайланды. 2021 жылы 1 қыркүйекте Азат Сембиновтың депутаттық өкілеттігі өз өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды.
2022 жылдың шілдесінен бастап — Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.
2025 жылдың қыркүйегінен бастап — «Қазақстан ұлттық индустриялық палатасы» Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы лауазымында еңбектенеді.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VII шақырылымының депутаттары Санат:Шығыс Қазақстан университеті түлектері