сүрмелі|Аубакирова Анара Даулетбековна Анар Дәулетбековна Аубакирова (1984 жыл) — қазақстандық кескіндемеші, график, дизайнер, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (2013).Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі https://nevzorovcollection.kz/bajlanys

Өмірбаяны Павлодар қаласында дүниеге келген.

Павлодар көркемсурет колледжінде (1999–2004), Т. К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында (2005–2010) білім алған. 2010–2012 жылдары Т. К. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА магистратурасын аяқтаған.

2006 жылдан бастап Алматы қаласында тұрады. 2014 жылдан бері Инновациялық Еуразия университетінде оқытушы болып қызмет атқарады.

2013 жылдан бастап Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.

Көрмелері 2003 жылдан бастап қалалық, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысып келеді. Олардың қатарында:

ҚР Мәдениет министрлігі Көркемөнер көрмелері дирекциясының Орталық көрме залында өткен Қазақстан өнер апталығы (Алматы, 2010); Санкт-Петербург өнер апталығы (Санкт-Петербург, 2010, «Классикалық кескіндеме» санаты бойынша 1-орын); Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Plein Air Aktobe» халықаралық кескіндеме фестивалі (Ақтөбе, 2011); Алматы қаласындағы ARTFOGLIO галереясында өткен «Желі» пленэрлік жобасы (2013); «Арт-САПАР» жас суретшілерінің І көшпелі көрмесі (Павлодар – Семей – Ақтөбе – Атырау – Қарағанды – Теміртау, 2013–2015).

Жеке көрмелері: Жеке көрмелері Т. К. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА галереясында (Алматы) 2008 және 2010 жылдары өтті.

Музей жинақтарындағы туындылары Суретшінің шығармалары мына музейлерде сақталған:

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде (Астана); Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде (Семей); Жеке коллекцияларда.

Суретші туындылары Фотосуреттер Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде түсірілген.

Дереккөздер