Шамансұр күмбезі, Дауытбек кесенесі – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Жамбыл облысы, Тараз қаласы.

Сипаты thumb|right|200px|Дәуітбек (Шамансұр) кесенесі. ХІІІ ғасыр. XIII ғасырдағы құрылыстың бір түрін құрайтын Шамансұр күмбезі Ескі Тараз рабатында, Қарахан күмбезінің шығыс жағына орналасқан.

Күмбез моңғол әскерлерінің бірі Ұлығ Білге — Икбалхан Дәуітбек бейітінің үстіне орнатылған. Күмбездің сәулетшісі де, тұрғызушы-құрылысшысы да белгісіз. Мазардың төбесі қос күмбезден тұрады, күйдірілген кірпіштен қаланып, есіктері ою-өрнекпен әшекейленген күмбездер арка арқылы бекітіліп, сырт жағынан есікке тіреледі. Ішкі бөлменің орта шеніне тастан пирамидаға ұқсас сағана қойылған, оған жерленген адамның аты-жөні, өлген уақыты (1262) арабша жазылған. Жазуды 1939 жылы Т. Беленицкий оқыған.

1982 жылы жөндеуден өтіп, республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Тараз ескерткіштері Санат:Жамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Жамбыл облысы сәулеті Санат:Қазақстан кесенелері