Қапа Құдайберенов (15.3.1937 жыл, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы – 3.2.1995 жыл, Ақтөбе қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1985), профессоры (1986).

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Қызылорда облысы Арал ауданы ауруханасында дәрігер (1964–67) Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі (1970–83) қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері акушерлік және гинекология мәселелеріне арналған. «Әйелдер босанғаннан кейін жұқпалы ауруларды дарытпау» тақырыбында доктор диссертация қорғаған. 20-дан астам ғыл. жарияланымның авторы.“Қазақ Энциклопедиясы”

Дереккөздер

Санат:15 наурызда туғандар Санат:1937 жылы туғандар Санат:Хромтау ауданында туғандар Санат:3 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1995 жылы қайтыс болғандар Санат:Ақтөбеде қайтыс болғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті профессорлары Санат:Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті түлектері