Қызылқоға ауылдық округі — Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Қарабау, Бұқар ауылдары кіреді. Әкімшілік орталығы – Қарабау ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том.

Сипаттамасы Жер көлемі - 103 193 гектар, оның 491,2 га - жайылымдық жер, 13287,2 га - шабындық алқабы. Сиыр - 4360, қой-ешкі - 7542, жылқы - 2100, түйе - 164. 256 отбасы тұрады.

Халқы 2025 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1434 адамды (735 ер адам және 699 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2025) Қарабау 2205 1523 1420 1399 Бұқар 280 230 118 35

Мәдени-әлеуметтік мекемелер Қарабау орта мектебі , «Қарлығаш» балабақшасы, ауылдық клуб, кітапхана, амбулатория, пошта бөлімшесі, "Мұздыбұлақ" су торабы, телекоммуникация торабы т.б. бар.

Шағын кәсіпорындар 25 жеке кәсіпкер (5 дүкен, 1 наубайхана, 1 кафе, 1 мейрамхана), 178 жекеменшік көлік, 8 шаруа қожалығы бар (1.01.2025 ж. мәлімет).

Транспорты Округ аумағынан «Мақат-Индер» теміржолы, «Орта Азия-Орск» мұнай-газ құбыры, облыстық дәрежедегі «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автокөлік жолы өтеді.

Әкімдері Әр жылдары Н. Марданов, Е. Бөтпенов, Л. Оразов, Ш. Қонысбаев, М.Сәтқалиев, Ш. Қонысбаев, Р. Ерғалиев, С. Ізмұқанов, Қ. Қайруллин округ әкімі болған.Қызылқоға - құт мекен. Алматы: «Өлке» баспасы, 2005 ж. ISBN 9965-599-97-1

Дереккөздер

Санат:Қызылқоға ауданы ауылдық округтері