Гүлшат Ахметқызы Майлыбаева (29.12.1931, Алматы) — нысана көздеуден қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері (1953), республикалық дәрежедегі төреші (1959).

Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті) бітірген (1955). 1956 ж. өткен КСРО халықтарының 1-спартакиадасында қазақ қыздары арасынан тұңғыш рет ерлер сапында өнер көрсетіп, нысана көздеуден (600 мүмкіндіктен 587 ұпай) Қазақстанның жаңа рекордын жасады. 1957 ж. Одесса қаласында өткен КСРО чемпионатында 600 мүмкіндіктен 594 ұпай жинап, қола медаль алды. Республика және КСРО жарыстарында қазылық етті.

“Құрмет Белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

Дереккөздер

Санат:29 желтоқсанда туғандар Санат:1931 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан нысана көздеушілері Санат:КСРО спорт шеберлері Санат:Қазақстанның республикалық дәрежедегі төрешілері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Нысана көздеуден КСРО біріншілігінің қола жүлдегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Алфавит бойынша нысана көздеушілер Санат:КСРО нысана көздеушілері