Эндокриноциттер (эндокриноциты); (endocrinocyti, грек, endon — ішкі, krino — бөлу, kytos — жасуша) — гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) шығаратын безді жасушалар. Эндокриноциттер — эндокринді бездердің паренхимасын құрайды. Жекеленген эндокриноциттер асқорыту (асқазан, ішек) және тыныс алу мүшелерінің кілегейлі қабықтарында, бүйрек денешігі құрамында кездеседі.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология