Ақшұқыр — Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы ауыл, Ақшұқыр ауылдық округі орталығы.
Географиялық орналасуы Аудан орталығы — Форт-Шевченко қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 118 км, облыс орталығы Ақтау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде Каспий теңізінің жағалауында орналасқан.
Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 3347 6230 12279
Тарихы Іргесі 1870 жылы қаланған. Ауыл 1983–1995 жылдары Қазақ КСР-і Мемагроөндірістік комитетіне қарасты мемлекеттік ауылшаруашылық станциясының орталығы болып келеді. Тарихи құжаттарда Ақшұқыр Маңғыстау өңірінде Түрікмен болысының орталығы болған.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
Инфрақұрылымы Ауылда «Жайлау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Маршал Әбідхалықов атындағы мектеп гимназиясы мектеп, Ақшұқыр мектеп-лицейі, 4 балабақша /жеке шағын орталық/, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, «Достық» мәдениет үйі, 1 мейрамхана, халыққа қызмет көрсететін коммуналды шаруашылық кәсіпорны «АқшұқырГазсервис», «ҚазТрансГазАймақ», «Қазпошта» АҚ-ның ауылдық бөлімшесі, аймақтық полиция пункті, 2 дәріхана, 3 наубайхана, мейрамхана, тігін шеберханасы, шаштараз, 18 шаруа қожалықтары қызмет істейдіАқшұқыр ауылы .
Дереккөздер
Санат:Түпқараған ауданы елді мекендері