Бәйімбет Телеуұлы (1876 – 1931) – белгілі палуан, болыс, ақын, би. Оның есімі кейінгі ұрпаққа «Қамысбай Бәйімбет палуан» деген атпен танымал. Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан.http://www.elarna.net/kitap_kk.php?id=3910&oku=25193

15 жасынан алқалы ортаға шығып, 37 жасына дейін күрескен. Күресті қойғаннан кейін ел басқару ісіне араласып, билік айтқан. Оның өлең-жырларынан екі шежірелік толғау жыры М.Өскенбайұлының орындауында магнитофон таспасына жазылған, сондай-ақ Қ.Ақбасұлының, Ү.Қасжанұлының жеке мұрағатынан көшіріліп алынған. Ақынның ғұмырнамалық деректері, күрескен, билік айтқан өмір кезеңдері жайында құнды естеліктері 1995 ж. Үштаған ауылының құрметті ақсақалы Қамысбай Ыспайдан жазылып алынған.

«Бәйімбеттің насихат сөзі», «Термесі» мен «Шежіре сөзі», т.б. шығармалары «Тіл таңбалы Адайдың ақындары» жинағына енген.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002

Дереккөздер

Санат:1876 жылы туғандар Санат:1931 жылы қайтыс болғандар Санат:Палуандар Санат:болыстар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақ би-шешендері