Разия Саталиева (1934 жылы туған, Атырау облысы Исатай ауданы Зормата ауылы) – педагог. Н.Байғанин атындындығы Ақтөбе мұғалімдер институтын (1953), Гурьев педагогикалық институтын (1966) бітірген. 1953 – 2005 жылы Маңғыстау, Ералиев аудандарына қарасты орта мектептерде, Жаңаөзен, Ақтау қаласындағы орта мектептерде мұғалімдік қызмет атқарды. Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1965), КСРО «Оқу-ағарту ісінің үздігі» (1983) белгілерімен, «Аға мұғалім» (1977) белгісімен, «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалімен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; «Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:1934 жылы туғандар

Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері