Ақжайық ауданы — Батыс Қазақстан облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бірлік. 1997 жылға дейін "Чапаев ауданы" деп аталып, Тайпақ ауданымен біріккен кезде қазіргі атауы берілді.Қазақ Энциклопедиясы Жерінің аумағы 25,7 мың км2. Орталығы — Чапаев ауылы.

Географиялық орны, климаты Аудан батысында облыстың Жаңақала, Казталов, солтүстігінде Тасқала, Бәйтерек, Теректі, шығысында Сырым, Қаратөбе және Атырау облысының Қызылқоға аудандарымен, оңтүстігінде Атырау облысының Индер ауданымен шектеседі.

Аудан Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігін алып жатыр. Климаты аса құбылмалы. Орташа ауа температурасы қаңтарда — 13-14°С, шілдеде 23-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. Ақжайық ауданының жерін Жайық өзені жарып ағады.

Тарихы Ақжайық ауданы 1928 жылы Ілбішін ауданы болып құрылды. 1939 жылы Чапаев ауданы болып өзгертілді. 1997 жылы 7 мамырда таратылған Тайпақ ауданының аумағы қосылып, Ақжайық ауданы болып қайта аталды.

Ақжайық ауданы (1977-1997) Ақжайық ауданы 1977 жылы 15 ақпанда Чапаев, Тайпақ аудандарының бір бөлігінен құрылды. Орталығы Ақжайық ауылы болды. Халқы — 21868 адам (1979). 1986 жылғы мәлімет бойынша ауданның 9 ауылдық кеңесі болды (Ақжайық, Аңқаты, Восход, Еңбек, Есенсай, Қурайлысай, Октябрь, Фурманов, Шағатай).Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі 1988 жылы Ақжайық ауданы таратылып, ауылдық кеңестері Чапаев және Тайпақ аудандарына қосылды. 1992 жылы 6 шілдеде Чапаев ауданының шығыс бөлігінен қайтадан құрылды. 1997 жылы 7 мамырда қайта таратылып, аумағы түгелдей Теректі ауданына қосылды.Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Тайпақ аудандарын тарату, Чапаев ауданын қайта атау туралы

Өсімдігі мен жануарлар дүниесі Ақжайық ауданының жері шөлейтті белдемге жатады. Топырағы негізінен қызғылт қоңыр, сортаң болып келеді. Өсімдіктерден: селеу, бетеге, еркек шөп, көкпек, жусан т.б. өседі. Жануарлардан: негізінен қасқыр, шиебөрі, түлкі, суыр, бөкен, елік, жабайы шошқа, құстан: қаршыға, құр, үкі, қаз, үйрек, тырна т.б. мекендейді.

Шаруашылығы Ауданда май және нан зауыттары, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, жол жөндеу учаскесі, астық қабылдау пункті, тамақ комбинаты, орман шаруашылық кәсіпорны жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық жерінің ауданы 12,8 мың га (1997), оның ішінде егістік — 14%, шабындық — 11%, жайылым — 72%. Суармалы дәнді дақылдар, картоп, көкөніс және бақша дақылдарын өсіру дамыған. Аудан тұрғындары мүйізді ірі қара, қой, ешкі, шошқа, жылқы, түйе өсірумен айналысады. Аудан жері арқылы Орал — Атырау, Чапаев — Жаңақала, Чапаев — Фурманов автомобиль жолы өтеді. Музыка, спорт мектебі, кәсіптік-техника учильище, кітапханалар, мәдениет үйлері, кинотеатрлар, аурухана т.б. бар. 1931 жылдан қазақ, орыс тілдерінде аудандық “Еңбек”, “Труд” газеттері шығады.

Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 33445 29464 39424 26079 43731 49364 41777 36199 Тұрғыны 40574 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (95,76%), орыстар (3,42%), басқалары (0,82%). Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км2-ге 1,8 адамнан келеді.Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті. 01.07.2019

2023 жылдың қаңтарында тұрғындар саны 36073 адамды (18390 ер адам және 17647 әйел адам) құрады.Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)

Әкімшілік бөлінісі center|300px Аудандағы 45 елді мекен 18 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Ақжол ауылдық округі Ілбішін ауылы 4 2139 Ақсуат ауылдық округі Ақсуат ауылы 2 763 Алғабас ауылдық округі Алғабас ауылы 5 1756 Алмалы ауылдық округі Алмалы ауылы 2 1847 Базартөбе ауылдық округі Базартөбе ауылы 3 1303 Базаршолан ауылдық округі Базаршолан ауылы 3 1354 Бударин ауылдық округі Бударин ауылы 3 1545 Есенсай ауылдық округі Есенсай ауылы 3 1563 Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылы 3 744 Жаңабұлақ ауылдық округі Жаңабұлақ ауылы 1 1075 Көнеккеткен ауылдық округі Көнеккеткен ауылы 2 953 Қабыршақты ауылдық округі Қабыршақты ауылы 1 918 Қарауылтөбе ауылдық округі Қарауылтөбе ауылы 1 1376 Қурайлысай ауылдық округі Жұбан Молдағалиев ауылы 2 1366 Мерген ауылдық округі Мерген ауылы 3 1224 Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылы 2 941 Тайпақ ауылдық округі Тайпақ ауылы 3 5131 Чапаев ауылдық округі Чапаев ауылы 2 10201

Ірі елді мекендері Атауы Статусы Халқы (2021) Чапаев ауыл 9642 Тайпақ (Калмыково) ауыл 4243 Қарауылтөбе ауыл 1376 Ілбішін ауыл 1356 Алмалы (Котельниково) ауыл 1272 Бударин ауыл 1240 Базаршолан ауыл 1197 Жаңабұлақ (Кожехарово) ауыл 1075 Есенсай ауыл 1048 Алғабас (Верховологино) ауыл 1030 Қабыршақты (Первомай) ауыл 918 Мерген ауыл 913 Базартөбе ауыл 885 Ж. Молдағалиев (Қурайлысай) ауыл 857 Жанама ауыл 760 Көнеккеткен ауыл 758 Ақсуат (Батурино) ауыл 639 Шабдаржап (Харькино) ауыл 623 Атамекен (Антоново) ауыл 575 Жайық (Феофаново) ауыл 559 Сайқұдық ауыл 509

Дереккөздер

Санат:Ақжайық ауданы