Стокгольм ( ) — Швеция елінің астанасы, әрі ең ірі қаласы. Меларен көлінің шығысында орналасқан. Халық саны — 2 198 044 (2017 жыл).

Он үшінші ғасырдан бері Стокгольм елдің ең ірі экономикалық орталығы болып табылады. Бүгінгі күні ол Швецияның ең ірі қаласы, өзін өзі басқарады. Қала маңында 1 252 020 адам тұрады (2005 жыл бойынша) — Швеция бойынша ең халық тығыз тұратын аймақ. Ал Стокгольм агломерациясы халқы 2 109 202 адамды құрайдыFolkmängd i riket, län och kommuner 31 december 2007 och befolkningsförändringar kvartal 4 2007. Тарихи бұл аймақ Швеция үшін өте маңызды болған. Қала он төрт кішігірім, өзара байланыспаған, Меларен көліне қарай кемелерді бөгеп тастауға болатын аралдарда салынған. thumb|left|Стокгольм облысы 3000 б. з. д. thumb|left|Стокгольмдағы теңіз деңгейі бұрынғы дәуірлерде

Экономикасы thumb|200px|Ericsson компаниясының Стокгольмдағы ғимараты Стокгольмның басым тұрғындары қызмет көрсету саласында жұмыс істейді, бұл қаладағы жұмыс нарығының 85 %. Қалада ауыр өнеркәсіптің жоқтығы Стокгольмды әлемдегі ең экологиялық таза қала атандырады.

Соңғы жылдары жаңа технология жасап, оны өндіріске шығарумен айналысатын компаниялар көп вакансияда ашуда. Осы жерде әлемге әйгілі IBM, Ericsson және Electrolux бас пәтерлері орналасқан. Стокгольм солтүстігінде Чиста ауданында ірі IT-орталық бар. thumb|right|150px|Стокгольмдағы екінші биік ғимарат Стокгольм — ірі қаржы орталығы. Осында Скандинавия ірі банктерінің бас пәтерлері орналасқан — Swedbank, Handelsbanken, және Skandinaviska Enskilda Banken. Сонымен қатар осында Skandia және Trygg-Hansa ірі сақтандыру компаниялары да бар. Стокгольмда танымал Стокгольм қор биржасы (Stockholmsbörsen) жұмыс жасайды. Жалпы 45 % астам барлық швед компанияларының бас кеңселері осында орналасқанNäringslivet i siffror — Stockholm Business Region website.

Соңғы 15 жылда туризм саласы қала эконмикасында маңызды рөл атқара бастады. 1991—2004 жылдары қалаға келуші туристер саны күрт өсе бастады. Жыл сайын қалаға 7,5 млн турист келеді«Besöksnäring» — Stockholm Business Region website.

Стокгольм ірі компанияларындағы қызмет көрсетушілер саны бойынша:Statistical Yearbook of Stockholm 2006, section Labour Market and Manufacturing, p. 244 pdf file Ericsson—8,430 Posten AB (ұлттық почта қызметі)—4,710 Skandinaviska Enskilda Banken (SEB)—4,240 Swedbank—3,610 Södersjukhuset (Southern Hospital)—3,610 MTR Stockholm (Стокгольм метро қызметі)—3,000 Nordea—2,820 Handelsbanken—2,800 IBM Svenska—2,640 Capgemini—2,500 Securitas AB—2,360 Veolia Transport—2,300 ISS Facility Services—2,000 Sveriges Television (бұқаралық телевизия)—1,880 Nobina Sverige AB — 1,873 (2012) Sodexo—1,580

Галлерея

Дереккөздер

Санат:Еуропа елордалары Санат:Швеция қалалары Санат:Стокгольм Санат:Ганза