Степняк — Ақмола облысындағы қала (1937), Біржан сал ауданының (1955) және Степняк қалалық әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Көкшетау қаласының оңтүстік-шығысына қарай 130 км жерде, Көкшетау қыратындағы Саға өзенінің бастауы мен Қотыркөл көлі аралығында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен50684268 4212 98,7 2039 2015 98,8 2229 2197 98,6

Тарихы Іргесі 1890 жылы қаланған.

Кәсіпорындары Алтын өндіретін кәсіпорын, автомобиль жөндеу зауыты, агроөндірістік бөлімше, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, құрылыс мекемелері жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Жалпы білім беретін 3 мектеп, 2 клуб, кинотеатр, аурухана, емхана, дәріхана, санэпидстанса жұмыс істейді. Степняк аумағында Біржан сал жерленген. Ең жақын темір жол стансасы – Макинск (35 км).

Дереккөздер

Санат:Біржан сал ауданы елді мекендері Санат:Ақмола облысы қалалары