Сахабиден Елубаев (10 сәуір 1924 жылы туған, Қожамжар ауылы, қазіргі Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы – 1993 ж., Қызылорда қаласы) – физика-математика ғылымының докторы (1982), профессор (1985).

Қазақ КСР-інің және КСРО Білім беру ісінің үздігі. ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Жаңасібір қаласындағы КСРО Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесі Математика институты мен Есептеу орталығында аспирант (1961–1962), кейін аға ғылыми қызметкер (1971–1973), Қызылорда педагогика институтында (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) оқытушы (1951–1961), мұғалімдер институты директорының орынбасары (1952–1953), осы институтта кафедра меңгерушісі (1963–1971), проректоры (1973–1986; 1986 жылдан) қызметтерін атқарған.

«О некоторых обратных задачах для гиперболических и параболических уравнений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты гиперболалық және параболалық теңдеулер үшін кері есептер тақырыбына арналған. Елубаев 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер http://www.korkyt.kz/fm_mat.htm

Дереккөздер

Санат:1924 жылы туғандар Санат:Павлодар облысында туғандар Санат:1993 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан математиктері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:КСРО білім беру ісінің үздіктері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері