Жантас Алтайұлы Жақыпов (1 маусым 1958 жыл, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы) – филология ғылымдарының докторы (2000), профессор (2006). Арғын тайпасының Қуандық бөлімінің Темеш руынан.Темеш руының шежіресі, Астана "Сарыарқа" 2009, 638 бет. Авторлар ұжымы Таукейтегі Қ.А., Ахметжанов Қ.А. және т.б. ISBN 9965-536-95-3

Қарағанды мемлекеттік университетінің (1982), аспирантурасын (1988) бітірген. 1988 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі 2007 жылдан Еуразия ұлттық университінде профессор қызметтерін атқарады. Ғылыми-зерттеу еңбектері синтаксис, аударматану, мәтін лингвистикасы мәселелеріне арналған. 60-тан астам ғылыми еңбектің авторы.Қазақ Энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер Жантас Алтайұлы Жақыпов

Дереккөздер

Санат:1 маусымда туғандар Санат:1958 жылы туғандар Санат:Қорғалжын ауданында туғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлары Санат:Қазақ тілін зерттеушілер