Әбиірбек Берденұлы Тінәлиев (22 сәуір 1957 жылы туған, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылы) — әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Қазақстан Жастар одағының сыйлық иегері (1994). Ысты руынан шыққан.
Еңбек жолы Өнер жолын Талас ауданы мәдениет үйінде қызмет етуден бастады. 1977 жылы Жамбыл (казіргі Тараз) мәдени ағарту училищесін бітірген. 1978 - 90 жылы Жамбыл облысы драма театрында актер, 1990 - 2001 жылы Алматыдағы саз аспаптар мұражайында ғылыми қызметкер, 2001 жылдан Алматы облысы Қазақ драма театрында музыкалық бөлімінің жетекшісі болып еңбек еткен.
Халық арасында кең танылған әндері "Анамның тілі" "Фариза" "Толғанай" "Желтоқсан желі" "Әттең-ай" "Ұрпақ үні" "Сәлемдеме" "Мұнар" "Гүлнарым" “Бауырлар”
Кітабы 1998 жылы Т. Айтбайұлының "Ән әлемінің Әбиірбегі" атты сұхбат кітабы жарық көрді. "Желтоқсан желі" атты ән жинағы шыққан.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Сазгерлер Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегерлері