Таңғали Смитұлы Хамиев - 1960 жылы 20 шілдеде Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында туған. Қазақ. Анасы - Байнекеева Қырмызы, зейнеткер, Түпқараған ауданы Ақшүкір ауылы орта мектебінің жанындағы интернатта аспаз болып жұмыс істеген.

Байұлы тайпасы Адай руы Құнанорыс бөлімінен шыққан.

Алматы Сәулет-құрылыс институтының өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс факультетін бітірген (1982), мамандығы - «Өнеркәсіп және азаматтық құрылысы». Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1982 жылдан - Форт-Шевченко қаласының ҚМБ-7 шебері, жұмыстар атқарушысы. 1995 жылдан - Ақтау қаласындағы №18 ӨТМ өндірістік оқыту шебері. 1996 жылдан - «Мұнайгаз» МХК «БУМИА» АҚ бас инженері (Ақтау қаласы). 2000 жылдың ақпанынан - «Қазақстан халық банкі» ААҚ Маңғыстау облыстық филиалының ӘШБ бастығы. 2000 жылдың қарашасынан - «Baikonur Engineering» ЖШС жұмыстар жасаушысы. 2001 жылдан - Маңғыстау облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының бас маманы. 2002 жылдан - Маңғыстау облысының Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы департаментінің бөлім бастығы, директорының орынбасары, директоры. 2005 жылдан - Маңғыстау облысы Сәулет, қала салу және құрылыс басқармасының бастығы. 2006 жылдың қаңтарынан - Маңғыстау облысы Құрылыс басқармасының бастығы. 2006 жылдың ақпанынан - Маңғыстау облысы Сәулет және қала салу басқармасының бастығы; Ақтау қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 2006 жылдың қыркүйегінен - Ақтау қаласында «Теміржолжөндеу» АҚ президентінің өкілі. 2007 жылдың ақпанынан - Маңғыстау облысы Сәулет және қала салу басқармасының бастығы. 2007 жылдың шілдесінен бері - Маңғыстау облысының Құрылыс басқармасының бастығы. Қазақстанның Құрметті құрылысшысы.

Әскери атағы - лейтенант. Үйленген. Жұбайы - Дабысова Жұмагүл Жұбанқызы (1961 жылы туған), жеке кәсіпкер. Балалары - Жандос (1984 жылы туған), Айдос (1985 жылы туған), Жақсылық (1988 жылы туған), Нұрай (1998 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар