Кілт 1. құлыптарды жабуға және ашуға арналған қол құралы; 2. гайкаларды, болттарды қатты қамтып ұстайтын қалпақшадан және қолсаптан тұратын, біріктіруші бөлшектерді бұрап ашу және жабу үшін арналған қол құралы.

Велосипед кілті

Әртүрлі көлемді сомындар үшін және радиалды тесікпен немесе тереңделулермен домалақ сомындар үшін бірнеше ашық немесе жабық ұстағышы бар әдетте пластина түріндегі кілт.

Оталдыру құлпының кілті

Көлік құралының оталдыру құлпында электр тізбекті тұйықтайтын кілт.

Ниппельді кілт

Ниппельді айналдырумен доңғалақтың кегейлерін тарту үшін кілт.

Өзгермелі кілт

Сомынның ұстағыш көлемін реттеумен кілт.

Білтелік кілт

Іштен жанатын қозғауыштың білтелерін бұрау үшін бөренелі кеспелтек арнайы биік кілт.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

бас әріп

Санат:Транспорт