Балнұр Есмұхамбетқызы Асанова

1969 жылы 8 шілдеде РКФСР Мәскеу қаласында туған.Қазақ.

Әкесі-Асанов Есмұхамбет Қалдарұлы (1944-1997), әскери болған. Анасы - Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы, «Сымбат» сән академиясының президенті, техника ғылымдарыныңдокторы, профессор, ҚРХИАжәнеҰИАакадемигі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін (1988); Т. Жүргенов атындағы Қазақұлттық өнөр академия- сының «Костюмді үлгілеу» факультетін (1995); «Сымбат» сән бизнесі академиясының магистратурасын (2001) дизайн магистрі мамандығы бойынша; ҚР Ғылым академиясының Шығыстану институтының аспирантурасын (2009) бітірген. Өнертану ғылымдарының кандидаты (2009). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Көшпелі мәдениеттің феномені ретіндегі қазақтың көркемөнерлік киізі». «Көшпелі мәдениеттің феномені рөтіндегі қазақтың көр- кемөнерлік киізі» монографиясының (2007); 10-нан аса мақаланың, соның ішінде«Қазақ ою-өрнегінің әуендеріжәне олардың орындалу тәсілдері» (2005), «Түрік Қағанатының киімге, рәміздік белгілерге ықпалы және ою-өрнөкті пайдалану» (2007), «Қазақтар мен Батыс Сібір, Алтай және Моңғолия халықтарының киіз өнеріндегі өзара байланыстары» (2008) жарияланымдарының авторы.Ирина Серкебаеваның «Орта жастағы дағдарыс (жоқ дер- лік)», «Ермек Серкебаев. Өмір де, жастық та, бақыт та»кітаптары мұқабаларының суретші-безөндірушісі және ав- торы.Қазақ, орыс, ағылшын және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі. Анкара қаласының Мәдениет орталығында (2000), «ОЮ», «АРК», «Трибуна», «Ular», «Тандем» галереяларында же- ке көрмелерін өткізген: «Арт-Алматы» қазіргі өнер галереясында «Астана-motors» компаниясының қолдауымен «Алтыншы сезім», «HAS SANAT» галереясында «Бояулар құпиясы» көрмелерін (Астана қаласы). Қазақстандық суретші- лердің Мысыр, Франция, ҚР-дағы ұжымдық көрмелерінің қатысушысы.«Сымбат» сән академиясының арт-директоры; «Сымбат» дизайн және технология академиясының «Дизайн және сахналау» кафедрасының меңгерушісі.

ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі (2002 жылдан).

Халықаралық көркемөнер көрмелерінің лауреаты. Халықаралық «Жоғары ұлттық костюм сәні» байқауының жеңім- пазы (екінші жүлде, Алматы қаласы, 2000); Гран-при (Мәскөу қаласы,2004). Мәскөу, Дубай қалаларындағы Сән апталығының,Вашингтон қаласындағы DC Fashion week, Сібір сән апталығының тұрақты қатысушысы.

Хоббиі - оқу, табиғат аясында демалу.

Сүйіп оқитын әдебиеті - өнер туралы, соның ішінде және кескіндеме өнері жайында кітаптар. 3 баласы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер