Людмила Вячеславовна Прокашева (23.01.1969, Павлодар қаласында туған) - конькимен жарысушы. Орыс.

Өмірбаяны Павлодар педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін бітірген (1990), дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі. 1983 жылдан - спорт нұсқаушысы.

Спорттағы жетістіктері КСРО абсолютты чемпионы; Конькимен жылдам жүгіруден әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1987); 500 м қашықтыққа конькимен жылдам жүгіруден қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (Нагано, 1998); 1500 м қашықтыққа конькимен жылдам жүгіруден III қысқы Азия ойындарының чемпионы (1998).

Марапаттары «Құрмет» ордені (2000); «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1994) марапатталған.

Әскери атағы мен шендері Әскери атағы - ҚР ІІМ подполковнигі.

Қоғамдық қызметі «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан).

Отбасы Әкесі - Прокашев Вячеслав Спиридонович, зейнеткер, слесарь-баптаушы болып жұмыс істеген. Анасы - Прокашева Надежда Даниловна, зейнеткер, санитар болып жұмыс істеген.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:КСРО конькишілері Санат:1998 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Санат:1992 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының конькимен жарысушылары Санат:1994 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының конькимен жарысушылары Санат:1998 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының конькимен жарысушылары Санат:2002 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының конькимен жарысушылары Санат:Павлодар облысының құрметті азаматтары Санат:Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті түлектері Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Конькиден КСРО чемпиондары Санат:Конькимен жарысудан әлем біріншілігінің күміс жүлдегерлері Санат:Конькиден Азия ойындары чемпиондары Санат:Алфавит бойынша конькишілер Санат:Қазақстан конькишілері Санат:Қазақстанның Азия ойындары чемпиондары