Бұрынғы атауы №78 көше (Жаңа әкімшілік орталық). Сауран көшесі Сығанақ, Алматы көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 5666,9 м.
Сауран - ортағасырлық қала. Ол Түркістан облысы, Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан. Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың көлемі солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай - 800 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай - 550 м. Сауран қаласы жазба деректерде X ғасырдан бастап кездеседі.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері