Серік Дәулетәліұлы Абас-шах (29 ақпан, 1964 жыл, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар ауылы) - қазақстандық тележурналист, продюсер. Өмірбаяны Серік Абас-шах бұрынғы Шымкент облысының Түлкібас ауданының Тұрар ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1989).

Еңбек жолы 1981-1982 жылдары - Шымкент облысының «Қызыл Жұлдыз» кеңшарының жұмысшысы. 1984 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте (арнайы бөлімде). 1989 жылдан - Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясының қызметкері. 1997 жылдан - «Хабар агенттігі» бағдарламалық қызметінде жұмыс істейді. 2001-2011 жылдары - «Хабар» агенттігі» АҚ бас продюсері. 2011-2013 жылдары - "Қазақстан" Ұлттық арнасында бас продюсер; 2013-2014 жылдары - "Ел арна" телеарнасының директоры; 2014-2016 жылдары жеке шығармашылықпен айналысқан; 2016 жылдың қараша айынан бастап "Қазақстан" телерадиокорпорациясы Басқарма төрағасының кеңесшісі

Шығармалары «Бей хабар қалмаңыз...» кітабының авторы (Алматы қаласы, 2005).

Телебағдарламалары "Жетпіс жеті күн" "Абайдың қара сөздері" "Ұят болмасын" "Алтыбақан" "Ауылдың алты ауызы" "Өлең сөздің патшасы" "Еркектің аты еркек" "Әйелдер-ай, әйелдер" "Сонымен, солай дейік...", "Айтуға оңай"" т.б. телебағдарламалардың жетекшісі.

Жеке өмірі Әкесі - Абасов Дәулетәлі (1912-1974), Ұлы Отан соғысына қатысқан, кеңшарда жұмыс істеген; Анасы - Абасова Задан (1926-2016); Жұбайы - Әбдірахманова Әлима Ерсайынқызы (1977 жылы туған), ТВ режиссерінің ассистенті; Қыздары -Тоғжан (1992 жылы туған) және Ажар (2004 жылы туған); Ұлдары - Санжар (2001 жылы туған) және Қайсар (2010 жылы туған).Қазақ телевизиясы. Энциоклопедия. – Алматы: Қазақпарат, 2009, 1-T. ISBN 978-601-03-0070-5..

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар