Талғат Жұманұлы Қуанышев

1973 жылы 24 ақпанда туған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген (1994), экономист.

1994 жылдан - «Игілік-банк» КАБ, «Альфа-банк» ЕАБ, «ТұранӘлем банкі» ЖАҚ банкінде қызмет атқарған. 1997 жылдан - «АТФ Банк» АҚ Вексельдік айналым басқармасының бастығы, директордың орынбасары, Коммерциялық департамент директоры, басқарушы директоры, кеңесшісі, басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

2006 жылдан бері - «АТФ Банк» АҚ басқармасының төрағасы.

«АТФ Банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2006 жылдан).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар