Александр Дмитриевич Александров (1935, Грозный қаласы) - мұнайшы, Шахмардан Есенов атындағы Университетінің доценті.

Өмірбаяны Грозный мұнай институтын бітірген (1958).

1958-1964 жылдары - Өзен ГБЭ бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шебері, бұрғылау инженері, аға инженер, ӨТБ бастығы.

1964-1970 жылдары - «Қазақстанмұнай» бірлестігі бұрғылау бөлімінде аға инженер.

1970-1997 жылдары - Маңғышлақ барлау бұрғылау басқармасында бұрғылау бөлімі бастығының орынбасары, АИТҚ ауысым бастығы, ӨТБ бастығы, техникалық бөлім бастығының орынбасары, АИТҚ бастығы.

1997 жылдан - Есенов атындағы Университетінің доценті.

Марапаттары Медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары