Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев (10 маусым 1975, Алматы) — қазақстандық мемлекет қайраткері, математик, 2025 жылдан бастап Президент көмекшісі қызметін атқарады. Қазақтелекомның бұрынғы басқарма төрағасы (2010—2024). Математика ғылымдарының кандидаты.

Қысқаша өмірбаяны 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірді.

1998-2002 жылдары «Қазақойл» ЖАҚ, «Қазақстан темір жолы» РМК ақпараттық технологиялар департаменттерін басқарды.

2002 жылы Есекеев мемлекеттік қызметке келді. Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде департамент директоры қызметінде ақпараттандыру және ақпараттық технологиялар мәселелеріне жетекшілік етті.

2004 жылғы 13 мамырда Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2006—2007 жылдары агенттік төрағасының міндетін уақытша атқарды.

2007 жылдан 2010 жылға дейін Ақпараттандыру және байланыс агенттігін басқарды.

2010 жылдан 2024 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болды.

2018–2026 жылдары Қазақстан киберспорт федерациясын басқарды.Мухамед Избастин избран президентом Казахстанской федерации киберспорта 2022 жылы Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып сайланды.Куанышбек Есекеев избран Президентом Федерации дзюдо Казахстана

2024 жылы Президент кеңесшісі, 2025 жылы Президент көмекшісі болып тағайындалды. Ол цифрландыру саласына жетекшілік етеді.Қуанышбек Есекеев Президенттің кеңесшісі болдыҚ.Б. Есекеев туралы

Отбасы Анасы — Есекеева Мінаура Жұмағалиқызы, «Esil University»-де Ақпараттық жүйелер және технологиялар кафедрасының оқытушысы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2Есекеева Мняура Жумагалиевна Туған бөлесі Динара Щеглова (1980 жылы туған) — 2023 жылдан бастап Ғылым және жоғары білім вице-министрі.Есекеева Мняура Жумагалиевна

Жұбайы Мадина Бектұрғанова (1975 жылы туған) — кәсіпкер, Қазақстан эстетикалық топтық гимнастика федерациясының президенті. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің миноритарлық акционері.Супруга советника президента Куанышбека Есекеева вошла в число акционеров МУИТ

1999 жылы туған Тамерлан, 2007 жылы туған Әлішер атты ұлдары мен 2005 жылы туған Томирис атты қызы бар.Есекеев Куанышбек Бакытбекович

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан математиктері Санат:Математика ғылымдарының кандидаттары