Ти-Боун Уокер (; 28 мамыр 1910, Линден, Техас — 16 наурыз 1075, Лос Анжелес) – Американың блюз орындаушы гитарашысы. Биография T-Bone Walker на worldelectricguitar.ru 1910 жылы 28 мамырда Линден қаласында (Техас штаты) дүниеге келген. 2 жасында отбасымен Далласқа көшіп келген. Өгей әкесі – Марко Уошингтон ән айтуға баулыған, ал блюзді Блайнд Лемон Джефферсоннан (Техас блюзінің негізін салушы) үйренеді. 1929 жылы Уокер «Columbia Records» компаниясымен тығыз жұмыс істейді. Ол жерден «Oak Cliff T-Bone Walker» жинағы жарық көреді. 30 жылдары джаз оркестрлерінде өнер көрсетеді. Бірнеше рет түрлі байқаудың жеңімпазы атанған. Ти-Боун – Джими Хендрикс, Би Би Кинг, Фредди Кинг, Альберт Кинг, Отис Раш, Бадди Гай және Стиви Рэй Вон секілді әйгілі музыканттарға үлгі болған.

Дереккөздер

Санат:Блюз музыканттары Санат:АҚШ гитарашылары Санат:Рок-н-ролл даңқ залына енген орындаушылар Санат:Грэмми сыйлығының иегерлері