Жиделіқара – Сиректау тауларының оңтүстігіндегі оқшауланған тау.

Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданында, Қарақол өзенінің оң жағалаулық аңғарында орналасқан.

Жер бедері, өсімдігі Абсолюттік биіктігі 518 м. Дөңгелек пішінді таудың ұзындығы мен ені 2,5-3 км шамасында. Беткейлері аз тілімденген. Онда бұта аралас бетеге, сұлыбас, қараған, теріскен, т.б. шөптесіндер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Үржар ауданы таулары