Жиделісай – Сарысу алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 27 км.

Бастауы Молалыжал жотасының солтүстік беткейінен ағып шығатын бұлақтар суының қосылуынан түзіледі. Тегісдала мекенінен батыста Қаракеңгір өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Жағасы жайпақ, кең аңғармен ағады. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде суы тасиды, жаздың ыстық айларында қарасуларға бөлініп қалады. Өзен алабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар."Қазақ энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы