Марат Жалғасұлы Есмұратов (9 қараша 1961 — 5 қаңтар 2026 жыл) — КСРО және қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы. Қызылорда футболының түлегі. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Мансабы КСРО футболының түлегі саналады. Карьерасында "Мелиоратор" (Қызылорда), "Қайрат", "Ақтөбе", "Ордабасы-СКИФ" клубтарында доп тепті. 2001 жылы "Қайсарда" ойнап жүріп карьерасын аяқтады.

1992 жылы 1 маусымда Алматыда Қазақстан құрамасы Түрікменстан футболшыларына қарсы өз тарихындағы тұңғыш ойынды өткізді. Осы матчта Марат Есмұратов та алаңға шықты. Ұлттық құрама командада барлығы 7 кездесуде өнер көрсетті. Жетеуі де 1992 жылы өткізілген матчтар-тұғын. Бақтияр Байсейітов бапкерліктен кеткен соң ұлттық құрамаға қайта шақырылмады.

Кейін бапкерлікпен айналысты.

Сілтемелер Профилі (footballfacts.ru)

Санат:9 қарашада туғандар Санат:КСРО футболшылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:СКИФ-Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:Қайсар ФК жаттықтырушылары Санат:Ақ Бұлақ ФК жаттықтырушылары