Сидни Люмет (; 25 маусым 1924 Филадельфия, Пенсильвания, АҚШ — 9 сәуір 2011, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. Соғыстан кейінгі ең жемісті және көрнекті Голливуд кинорежиссерлерінің бірі, жарты ғасыр бойы жылына орта есеппен бір фильм түсірді.
Люмет өз мансабын театрдан бастап, 1950 жылы теледидар бағдарламаларын, ал 1957 жылдан бастап кинофильмдерді түсіруге көшті. Ол кино әлемінде жұмысшы табының өмірін көрсететін, әлеуметтік әділетсіздік мәселелерін қозғайтын және билікке күмәнмен қарайтын Нью-Йорктің шынайы әрі қатал драмаларын түсіретін режиссер ретінде танылды.
1970-жылдары жарық көрген туындылары — негізінен «Ит талтүс» (Dog Day Afternoon) және «Тележелі» (Network) фильмдері оның режиссерлік шеберлігінің шыңы болып саналады. Сыншылар мен көрермендер жоғары бағалаған ең табысты туындыларының қатарына оның алғашқы режиссерлік жұмысы «12 ашулы кісі» (12 Angry Men, 1957) және ең соңғы фильмі «Ажалыңды шайтан білмей тұрып» (Before the Devil Knows You're Dead, 2007) де кіреді.
Ол 2004 жылы киноөнерге қосқан үлесі үшін құрметті «Оскар» сыйлығымен марапатталды.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Құрметті Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:Колумбия университеті түлектері