Асу Абайұлы Алмабаев (25 қаңтар 1994, Жаңаталап ауылы, Сарысу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан) — қазақ аралас жекпе-жек жауынгері UFC демеушілігімен аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. М-1 аса жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы. Сондай-ақ Absolute Championship Akhmat, AMC Fight Nights Global, BRAVE Combat Federation, M-1 Global және т.б. жауынгерлік ұйымдардың турнирлеріне қатысуымен танымал.

Өмірбаяны Асу Алмабаев 1994 жылы 25 қаңтарда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Ұлы жүздің Ысты руынан шыққан.

Жастайынан ұлттық күрес — қазақ күресімен айналыса бастады. Асу бесінші сыныпта оқып жүргенде, оның отбасы Алматы қаласына көшіп, сол жерде Асу басқа спорт түрлерімен — бокс, каратэ, қоян-қолтық ұрыс және джиу-джитсумен айналыса бастады. Көптеген жаттығулардың арқасында ол өзінің қолынан ережесіз ұрыс (ММА) жақсы келетінін түсінді.

Он жасар Асу Алматыға көшіп келгеннен бері ата-анасының шағын сауда нүктесі болған «Алтын Орда» базарында жұмыс істеді. Асу 23 жасына дейін базарда жұмыс істеп, кейін спортты таңдап, кәсіби түрде өнер көрсете бастады.

Лақап аты Өзінің мансабының басында Асудың досы әзілдеп ойлап тапқан «Братан» деген лақап аты болды. Алмабаевты «Торнадо» деп те атаған. Кейінірек Асу кітап оқып, оған Мұхаммед пайғамбардың қылышы — Зұлпықар (семсер) туралы әңгімесі ұнап, жауынгер осыны алуды шешіп, тек осы лақап атпен өнер көрсетуді жалғастырады.

Кәсіби мансабының басы 22 жасында Асу жеңіл салмақта (61 келі) «Alash Pride Selection» халықаралық бас жүлдесінің жеңімпазы атанды. 2013 жылдың 1 маусымында Алмабаев Мәскеуде кәсіпқой аралас жекпе-жектен Rod Fighting – Shield and Sword 4: Russia vs. Kazakhstan турнирінде дебют жасады. Ресейлік Вадим Бусеевпен жекпе-жек қазақстандық үшін оңай болған жоқ, бірақ төрешілердің бірауыздан дауыс беруімен жеңіске жетті.

2016 жылы қазақстандық Краснодарда өткен «Оңтүстік майдан-3» турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 57 келіге дейінгі салмақта Асу Олег Эрикпен кездесті. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды.

Бір айдан кейін тағы бір қызықты жекпе-жек болды. Енді бұл кәсіпқой мансабындағы дебюттік кездесуі болған Ғаламырза Айвазов Үфіде қазақстандыққа қарсы шықты. Ол қарсыласының шабуылын сабырмен қарсы алып, жауап беруді ұмытпады. Бірінші раундтың аяқталуына бір минуттан астам уақыт қалғанда Айвазов қарсыласының аяғын бас салып, оны жерге жатқызып үлгерді. Алайда ресейлік өзіне ең тиімді жағдайды орнатуға тырысып жатқанда, Алмабаев оны ауырту тәсілінде ұстап алып, бірінші раундтың шамамен 3 минут 41 секундында жекпе-жекті лезде аяқтады.

Осы жекпе-жектердің арқасында Асу Алмабаев болашағынан үміт күттіретін жауынгерге айтылды. Көп ұзамай ресейлік Fight Nights ұйымы спортшыға әріптестікті ұсынды. Бұл қазақстандық үшін аралас жекпе-жек әлемінде жаңа мүмкіндіктерді ашты.

2017 жылы күрескер ақыры базардағы жұмысын тастап, тек жаттығуға көңіл бөлді. 2018 жылдың желтоқсанында Асу М-1 лигасында өнер көрсете бастап, Шавкат Рахмонов пен Хадис Ибраһимовпен бір картада жекпе-жек өткізді.

2019 жылы M-1 Challenge 105 турнирінде Асу канадалық Крис Келадесті жеңіп, аса жеңіл салмақта уақытша чемпион атанды.

2020 жылы Алматыда өткен Naiza Fighter Championship 27 турнирінде Асу Абайұлы қазақстандық Дархан Сқақовқа қарсы ұрыста NFC аса жеңіл салмақтағы белбеуін жеңіп алды. Ол тұншықтырғыш тәсілімен жеңді.

Brave CF мансабы 2021 жылы Алмабаев Таяу Шығыстағы ең ірі MMA промоушені BRAVE Combat Federation келісімшартқа отырды. 15 айда Асу Brave CF турнирінде төрт жекпе-жекте жеңіске жетіп, ең жақсы нәтиже көрсетті. 2022 жылы қазақстандық Brave CF турнирінде жыл күрескері болып танылды. Көп ұзамай спортшыға титулдық жекпе-жек пен жаңа келісім-шарт ұсынылды, бірақ Асу келіспеді, өйткені алда одан да қызықты келешек — UFC-ге қатысу күтіп тұрды.

UFC мансабы 2023 жылдың сәуір айында Асу Алмабаев ресми түрде UFC-мен келісімшартқа отырды. Қазақстандықтың әлемдегі ең үздік промоушендегі алғашқы қарсыласы ямайкалық Оди Осборн болды. Қарсыластар 2023 жылдың 5 тамызында UFC on ESPN 50 турнирінде жекпе-жек өткізді. Бұл жекпе-жек Нашвиллдегі жекпе-жек кешінің кардын ашты. Раундтың бірінші минутында қазақстандық тамаша оң жақ оверхенд (бокс) көрсетті, кейіннен сәтті тейкдаун жасап, гардта белсенді жұмыс істей бастады. Бес минуттық кезеңнің соңында «Зұлпықар» тұншықтыру әдісін жасады, бірақ гонг Алмабаевқа ісін аяқтауға мүмкіндік бермеді.

Асу екінші раундты дәл тиген оң жақ хай-киктен бастап, тұрыстан қарсыласынан басым түсті. Қазақстандықтың қысымы өз жемісін беріп, қарсыласын қайтадан төсенішке жатқызып, ямайкалықтың арқасын ұстап, тұншықтыру әдісін жасады. Үшінші минуттың соңында Осборн Алмабаевтың қысымынан берілуге мәжбүр болды.

Турнир соңында бес жауынгер кештің ең жақсы өнер көрсеткен үшін $50 000 бонус алды. Олардың қатарында Асу Абайұлы та болды.

Титулдары мен жетістіктері Джиу-джитсу Джиу-джитсудан әлем чемпионы Combat Jiu-Jitsu Азия чемпионатының алтын жүлдегері Combat Jiu-Jitsu Қазақстан чемпионы Alash Pride Selection Жеңіл салмақтағы халықаралық Бас жүлде жеңімпазы (2017 жылы) M-1 Global 60px Аса жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы (2019 жылы) Naiza Fighter Championship (NFC) 60px NFC аса жеңіл салмақтағы чемпионы (2020 жылы) BRAVE Combat Federation Жылдың үздік сабмишены (2021 жылы) Жылдың үздік күрескері (2022 жылы) Ultimate Fighting Championship ESPN 50-де UFC-де Оди Осборнға қарсы (2023) ұрыста «Кештің ең жақсы нәтижесі үшін» бонус

Кәсіби ММА бойынша статистикасы

| align=center|24-3 | Чарльз Джонсон | Берілді (сулоев-стретч) | UFC Fight Night: Физиев vs. Торрес | 27 маусым 2026 | align=center|3 | align=center|3:33 | Баку, Әзербайжан |«Кештің үздік өнер көрсетуі» (2)

| align=center|23-3 | Алекс Перес | Берілді (гильотина) | UFC Fight Night: Царукян vs. Хукер | 22 қараша 2025 | align=center|3 | align=center|0:22 | Доһа, Қатар

| align=center|22-3 | Хосе Очоа | Бірауызды шешім | UFC on ABC: Уиттакер vs. Де Риддер | 26 шілде 2025 | align=center|3 | align=center|5:00 | Абу-Даби, БАӘ

| align=center|21-3 | Манел Капе | Техникалық нокаут (соққылар) | UFC Fight Night: Капе vs. Алмабаев | 1 наурыз 2025 | align=center|3 | align=center|3:16 | Лас-Вегас, Невада, АҚШ

| align=center|21-2 | Матеус Николау | Бірауызды шешім | UFC Fight Night: Перейра vs. Эрнандез | 19 қазан 2024 | align=center|3 | align=center|5:00 | Лас-Вегас, Невада, АҚШ

| align=center|20-2 | Хосе Джонсон | Бірауызды шешім | UFC on ESPN: Перес vs. Таир | 15 маусым 2024 | align=center|3 | align=center|5:00 | Энтерпрайз, Невада, АҚШ

| align=center|19-2 | Си-Джей Вейгара | Бірауызды шешім | UFC 299 | 9 наурыз 2024 | align=center|3 | align=center|5:00 | Майами, Флорида, АҚШ

| align=center|18-2 | Оди Осборн | Сабмишен (арқасынан тұншықтыру) | UFC on ESPN 50 | 5 тамыз 2023 | align=center|2 | align=center|3:11 | Нэшвилл, АҚШ

| align=center|17-2 | Кенет Манингат | Сабмишен (арқасынан тұншықтыру) | Brave CF 66 - Brave Combat Federation 66 | 26 қараша 2022 | align=center|2 | align=center|3:30 | Бали, Индонезия

| align=center|16-2 | Зак Маковски | Бөлінген шешім | Brave CF 60 - Brave Combat Federation 60 | 30 шілде 2022 | align=center|3 | align=center|5:00 | Бахрейн

| align=center|15-2 | Имран Магарамов | Бірауызды шешім | Brave CF 57 - Brave Combat Federation 57 | 11 наурыз 2022 | align=center|3 | align=center|5:00 | Бахрейн

| align=center|14-2 | Кайк Аленкар | Нокаут (соққы) | NFC 36 - Naiza Fighter Championship 36 | 29 желтоқсан 2021 | align=center|3 | align=center|0:27 | Алматы, Қазақстан

| align=center| 13-2 | Александр Доскальчук | Сабмишен (арқасынан тұншықтыру) | Brave CF 53 - Brave Combat Federation 53 | 21 тамыз 2021 | align=center| 2 | align=center| 3:47 | Алматы, Қазақстан

| align=center| 12-2 | Дархан Сқақов | Сабмишен (арқасынан тұншықтыру) | NFC 27 - Naiza Fighter Championship 27 | 25 желтоқсан 2020 | align=center| 1 | align=center| 3:29 | Алматы, Қазақстан

| align=center| 11-2 | Крис Келэйдс | Бірауызды шешім | M-1 Challenge 105: Реттингхауз - Морозов | 19 қазан 2019 | align=center| 5 | align=center| 5:00 | Астана, Қазақстан

| align=center| 10-2 | Пьер Люде | Сабмишен (гильотинамен тұншықтыру) | M-1 Challenge 101: Приказа - Рахмонов | 30 наурыз 2019 | align=center| 2 | align=center| 1:50 | Алматы, Қазақстан

| align=center| 9-2 | Кирилл Фоменков | Сабмишен (арқасынан тұншықтыру) | M-1 Challenge Battle in Atyrau | 15 желтоқсан 2018 | align=center| 2 | align=center| 3:51 | Атырау, Қазақстан

| align=center| 8-2 | Сауд Карагишов | Техникалық нокаут (соққылар) | FNG Fight Nights Global 88 | 31 тамыз 2018 | align=center| 2 | align=center| 4:09 | Астана, Қазақстан

| align=center| 7-2 | Шәміл Ахмаев | Бірауызды шешім | BYE 4 2018 Berkut Young Eagles Grand Prix: Opening Round 4 | 29 сәуір 2018 | align=center| 3 | align=center| 5:00 | Толстой-Юрт, Шешен Республикасы

| align=center| 6-2 | Кенан Джафарли | Бірауызды шешім | Alash Pride FC | 30 желтоқсан 2017 | align=center| 2 | align=center| 5:00 | Алматы, Қазақстан

| align=center| 5–2 | Ибраһим Мамаев | Сабмишен (перуандық галстук) | ACB 69 Young Eagles 22 | 9 қыркүйек 2017 | align=center| 2 | align=center| 2:08 | Алматы, Қазақстан

| align=center| 4–2 | Мехман Мамедов | Шешіммен (бөлінген) | Alash Pride FC: Alash Aibary | 1 сәуір 2017 | align=center| 3 | align=center| 5:00 | Алматы, Қазақстан

| align=center| 4–1 | Таһир Ұланбеков | Техникалық нокаут (соққылардан берілу) | EFN - Fight Nights Global 58 | 28 қаңтар 2017 | align=center| 3 | align=center| 4:51 | Махачқала, Дағыстан

| align=center| 4-0 | Галамырза Айвазов | Сабмишен (шынтақ иінтірегі) | EFN - Fight Nights Global 45 | 22 сәуір 2016 | align=center| 1 | align=center| 3:41 | Үфі, Ресей

| align=center| 3-0 | Олег Эрик | Сабмишен (арқасынан тұншықтыру) | Tech-Krep FC - Southern Front 3 | 3 наурыз 2016 | align=center| 1 | align=center| 4:04 | Краснодар, Ресей

| align=center| 2-0 | Елдос Қалиев | Техникалық нокаут | Alash Pride Selection 13 | 14 ақпан 2016 | align=center| 1 | align=center| 4:31 | Алматы, Қазақстан

| align=center| 1-0 | Вадим Бусеев | Бірауызды шешім | Rod Fighting – Shield and Sword 4: Russia vs. Kazakhstan | 1 маусым 2013 | align=center| 3 | align=center| 5:00 | Мәскеу, Ресей

! colspan="11"|Дереккөздер:

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның аралас жекпе-жек жауынгерлері