«Кино» (алғашқы атауы — «Гарин и гиперболоиды») — 1980-жылдардағы ең танымал кеңестік рок-топтардың бірі, Ленинград рок-клубының мүшесі болған. Топтың көшбасшысы, сондай-ақ концерттерде орындалатын барлық әндердің мәтіні мен музыкасының авторы Виктор Цой болды. 1990 жылы ол қайтыс болғаннан кейін, 9 жыл ішінде студиялық альбомдарда 100-ден астам ән, бірнеше жинақ пен концерттік жазбалар, сонымен қатар көптеген ресми емес бутлегтер шығарып үлгерген ұжым өз жұмысын ұзақ уақытқа тоқтатты.
2012 жылы топтың бірнеше қатысушысы Виктор Цойдың дауысы сақталған ескі жазбаларды пайдалана отырып, «Атаман» әнінің студиялық нұсқасын жазды. Ал 2020 жылы ұжым тұрақты негізде қайта бірікті: концерттерге дайындық басталып, олардың бірнешеуі 2021 жылы өтті (музыканттар аспаптық партияларды жанды дауыста орындады, ал Виктор Цойдың вокалы үшін фонограмма пайдаланылды).
Стилистикалық тұрғыдан топ орыс рогына тән көптеген дәстүрлі элементтерден бас тартты. Атап айтқанда, үйреншікті соқпалы аспаптар қондырғысының орнына драм-машиналар көмегімен жасалатын түрлі бағдарламаланатын эффектілер жиі қолданылды, бұл топтың музыкасына кейде «диско стиліндегі» немесе «поп-музыкалық» реңк беретін. Шығармашылығының алғашқы кезеңіндегі ән мәтіндерінің тақырыбы жасөспірімдердің күнделікті өмірі мен махаббат жолындағы драмалық сезімдерін бейнеледі, соның арқасында музыканттар «жаңа романтиктер» деген атаққа ие болды. Ал кейінгі мәтіндерінде қаһармандық пен наразылық сарыны дүниені трагедиялық тұрғыдан қабылдау сезімімен ұштасып жатты.
«Кино» тобының танымалдылығы жылдар өткен сайын тоқтаусыз артты. Егер басында музыканттар тек пәтерлердегі шағын концерттерде (квартирник) өнер көрсетіп, ресми және астыртын баспасөз тарапынан қатаң сынға ұшыраған болса, онжылдықтың соңында олардың күйтабақтары миллиондаған тиражбен тарап, концерттеріне тұтас стадиондар толатын деңгейге жетті. Топ «киномания» деп аталатын бірегей феноменді тудырды. Виктор Цой қаза тапқаннан кейін бұл құбылыс одан сайын күшейіп, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді: музыкант жұмыс істеген орын посткеңестік кеңістіктің барлық елдерінен келетін сансыз фанаттардың «тәуап ету» нысанына айналды, ал Мәскеудегі Кривоарбат бұрылысында «Цой қабырғасы» пайда болды (жанкүйерлер оған әннен үзінділер мен топ шығармашылығына деген махаббат сөздерін жазып қалдырады). «Кино» тобы бұқаралық мәдениетте жиі көрініс табады, ал олардың қалдырған мұрасын бүгінгі шолушылар мен музыкатанушылар жоғары бағалайды.
Құрамы Қазіргі құрамы Юрий Каспарян — соло-гитара, бэк-вокал (1983—1991, 2012, 2019—қазіргі уақыт); Александр Титов — бас-гитара, бэк-вокал (1984—1985, 2019—қазіргі уақыт). Игорь Тихомиров — бас-гитара, бэк-вокал (1985—1991, 2012, 2019—қазіргі уақыт). Сессиялық музыканттар Дмитрий Кежватов — акустикалық гитара, бэк-вокал (2020—қазіргі уақыт) Олег Шунцов — соқпалы аспаптар (2020—қазіргі уақыт) Бұрынғы қатысушылары Виктор Цой — вокал, ритм-гитара, акустикалық және 12 ішекті гитара (1981—1990; қайтыс болғанға дейін); бас-гитара (1981—1983) Алексей Рыбин — соло-гитара (1981—1983); Олег Валинский — соқпалы аспаптар (1981); Георгий Гурьянов — драм-машина, соқпалы аспаптар, бэк-вокал (1984—1991, 2012); (2013 жылы қайтыс болды);
Схемада көрсетілгендерден бөлек, 1985—1988 жылдары «Киномен» бірге олардың көптеген достары мен таныстары өнер көрсетті: Алексей Вишня, Юрий Лебедев, Дмитрий Анашкин («Электростандарт», «Оркестр А»), Игорь Борисов («Цивилизации Z», «Нате!») — гитаралар; Андрей Крисанов — бас (2018 жылы қайтыс болды); Дмитрий Павлов, Андрей Сигле, Сергей Курёхин — пернелі аспаптар (1996 жылы қайтыс болды); Роман Баринов, Сергей Бугаев — барабандар, перкуссия; Джоанна Стингрей — бэк-вокал. Өз кезегінде, топтың көптеген музыканттары «Поп-механика» жобасының қатысушылары болды
Уақыт шкаласы
Дискография
Студиялық альбомдар 1982 — «45» 1983 — «46» 1984 — «Начальник Камчатки» 1985 — «Это не любовь» 1986 — «Ночь» 1988 — «Группа крови» 1989 — «Звезда по имени Солнце» 1991 — «Чёрный альбом»
Қайта жазбалар 1989 — Le Dernier Des Héros («Последний герой») 2022 — «12 22» 2024 — «Это не любовь (Remake 2024)» («Это не любовь» альбомының қайта жазбасы) 2025 — «Молнии Индры»
Синглдер 1987 — «Из альбома Начальник Камчатки» 1988 — «Из альбома Ночь» 1989 — Maman 2018 — «Атаман» 2019 — «Перемен» 2019 — «Вопрос/Место Для Шага Вперёд» 2020 — «Следи за собой» 2021 — «Нам с тобой/Кукушка (премикс)» 2022 — «Любовь к оружию» (Женя Фёдоровпен бірге) 2022 — «Проснись, Это Любовь/Город»
Журналдарға дыбыстық қосымшалар: 1989 — «Русский язык за рубежом» № 1 1989 — «Клуб и художественная самодеятельность» 1989 — «Народное творчество» № 9 1990 — «Кругозор» № 7/90
Жинақтар 1992 — «Неизвестные песни» 1996 — «Легенды русского рока. Кино» 1999 — «Лучшие песни 82—88 и 88—90» 2000 — «История этого мира» 2001 — «Grand Collection» 2002 — «Кино в кино» 2002 — «Последние записи» 2017 — «Виктор Цой 55» 2018 — «Легенда» 2020 — «Любовь — это не шутка» (1986 жылғы жазба) 2021 — «Кинохроники 2021/1982»
Кеңестік жинақтарда 1987 — «АССА» 1989 — «Хит-парад Александра Градского»
Шетелдік жинақтарда 1986 — Red Wave 1986 — 4 Selections From Red Wave 1987 — Rocking Soviet 1988 — МИР: Reggae From Around the World 1989 — Epoka Dla Nas
Концерттік альбомдар 1996 — «Концерт в рок-клубе» (2CD) (1984—1986 жылдардағы жазбалар) 2002 — «Первые записи» («Гарин и гиперболоиды») 2002 — Live. 1988—1990 (2CD) 2002 — «Концерт в Дубне. 1987» 2004 — «Неизвестные записи» (4CD) 2021 — «Кино в Севкабеле» 2021 — «Кино в Дании. Христания, фестиваль „Next Stop Sovjet“. 14.01.1989» 2022 — «Спасём мир» (1986 жылғы 19 қазандағы Ленинград жастар сарайындағы концерт, арнайы қонақ — Джоанна Стингрей) 2022 — «Каретный ряд» (1982 жылғы 25 шілдедегі Александр Липницкийдегі үйдегі акустикалық концерт)
Виктор Цойдың концерттік альбомдары 1994 — «Акустический» (Мәскеудегі «квартирник». 1987 жылдың көктемі) 1996 — «Акустический концерт» («Акустический» альбомының тағы 11 әнмен толықтырылған қайта басылымы) 1996 — «12-13 января 1985 года, Moscow» (Майк және Цой, 2CD) 1998 — «Майк Науменко. Виктор Цой» (2CD) 1998 — «Исполнение разрешено» (Сосновый Бордағы концерт, Б. Гребенщиков, М. Науменко, В. Цой, 15.12.1984, 2CD) 1999 — «Песни под гитару» (1984 жылғы «квартирник») 2009 — «Ленинград 1984» (Майк және Цой, 2CD) 2024 — «Желтые Воды. Акустика 1987» (2CD)
Трибьюттер 2000 — «КИНОпробы» (2CD) 2002 — «День рождения Виктора Цоя» 2010 — «КИНОпробы. Рэп-трибьют» 2010 — «20 лет без Кино» 2014 — «Спасём Мир. Tribute To Tsoy 2014» 2014 — Алексей Вишня — «Вишнёвое кино» (сингл) 2017 — «Мы вышли из Кино» 2022 — «Мы вышли из Кино 2»
Ремикстер 2000 — «Виктор Цой: Печаль» 2009 — «Ремиксы»
Саундтректер 1988 — «Игла. Саундтрек к фильму» 2001 — «Сёстры. Саундтрек к фильму» 2010 — «Игла Remix. Саундтрек к фильму» 2018 — «Лето. Саундтрек к фильму» (трибьют)
Сайд-жобалар 1987 — «Кино» музыканттары және «Новые композиторы» дуэті — Start альбомы 2001 — «Кино» музыканттары және Вячеслав Бутусов — Звёздный Падл 2012 — «Симфоническое кино» — «Виктор Цой — 50» 2018 — «Симфоническое Кино» — «СимфониК» 2021 — Алексей Рыбиннің «Гарин и Гиперболоиды» жобасы — «Экстрада», 5 композиция
Дереккөздер
Санат:Кино (топ) Санат:1981 жылы құрылған музыкалық ұжымдар Санат:1991 жылы тараған музыкалық ұжымдар Санат:КСРО рок топтары Санат:Ресей рок топтары Санат:КСРО жаңа толқын топтары Санат:КСРО постпанк топтары Санат:Ленинград рок-клубы Санат:Музыкалық квартеттер Санат:2019 жылы қайта біріккен музыкалық ұжымдар