Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Қосшағыл, Қарағай ауылдары кіреді. Орталығы – Қосшағыл ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том. 2004 жылы округ құрамына кірген ШұбыртпалыӘкімшілік-аумақтық бірліктерді тарату туралы, 2006 жылы КеңаралЖылыой ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгеріс енгізу туралы, 2013 жылы Тұрғызба ауылдары таратылған.
Сипаттамасы Округ солтүстігінде Қараарна, Жем, Ақкиізтоғай ауылдық округімен, оңтүстігінде Майкөмген ауылдық округі, Маңғыстау облысы және Теңіз кен орнымен, шығысында Ақтөбе облысымен шектеседі. Аудан орталығынан 18, облыс орталығынан 242 шақырым жерде орналасқан. Жер бетінің биіктігі теңізге қарай көлбеулене кеми түседі.
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 4200 адамды (2119 ер адам және 2081 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Қосшағыл 2465 3420 3935 4049 Кеңарал (Атанақ) 398 198 - Қарағай 577 112 226 151 Тұрғызба 316 198 126 Шұбыртпалы 357 172 -
Тарихы 1930-35 жылдары мұнай барлаушылардың, кейін мұнай алаңын игерушілердің келуіне байланысты Қосшағыл поселкесі пайда болды. Әуелі «Поселок І-ой пятилетки» деп аталып, кейіннен Қосшағыл атағы берілді. 1938 жылы бұрынғы Қаңбақты (Жилая Коса) поселкесі Қосшағылға көшіп 1953 жылға дейін аудан орталығы болды.Жылыой жылнамасы,Энциклопедиялық жинақ, «Өлке» баспасы, 2008 ISBN 9965-742-49-9
Шаруа қожалығы мен кәсіпкерлік 40 шаруа қожалығы мен бірнеше жанұялық жеке шаруашылықтар, 19 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды.
Дереккөздер
Санат:Жылыой ауданы ауылдық округтері